Өмірбаян
1. Аты-жөні: Жубаев Нурлан Әубакирович
2. Туған жылы:1965 жылы 29 қараша ОҚО,Отырар ауданы,Ескі Шілік ауылы
3. Білімі: Жоғары
4.Бітірген оқу орны: ҚазҰУ, ШПИ
5.Қай жылы бітірді: 1993 ж
6. Мамандығы: Орыс тілі пәні мұғалімі
7.Санаты: Жоғары
8. Ұстанатын қағидасы: Әрбір іске жауапкершілікпен қарау
1973-1983 жылы Н.К.Крупская атындағы орта мектеп оқушысы,
1984-1986ж әскер қатарында болып,
1987-1993 ж ҚазҰУ, ШПИ-ді орыс тілі мен әдебиет мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1983-1992ж аралығында Шілік совхозында жұмысшы,кітапханашы,комсомол ұйымының хатшысы,совхоз директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
1992-2012 ж аралығында Шілік орта мектебінде мұғалім, оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерінде болады.2012-2015 ж Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебінің директоры,
2015ж қараша айынан М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. Осы қызметтер барысында ешқандай әкімшілік жазаға тартылмаған.
Жетістіктері:
- 2001 жылы Отырар ауданының әкімі Ш.Мырзахметовтың ҚР Тәуелсіздігінің
10 жылдығына орай «Саланың саңлағы» атағымен:
- 2001 жылы Отырар аудандық білім бөлімі, аудандық кәсіподақ комитетінің мектеп жайының жаңа оқу жылына үлгілі дайындығы үшін Мақтау қағазымен:
- 2002 жылы Отырар аудандық білім бөлімі,аудандық кәсіподақ комитетінің ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығында орай мұғалімдер мерекесі қарсаңындап Мақтау қағазымен:
- 2003 жылы Отырар аудандық білім бөлімінің оқыту мен тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі үшін Құрмет грамотасымен:
- 2004 жылы ҚР Білім және ғылым Вице-министрі К. Шәмшидинованың ҚР білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хатпен:
- 2004 жылы Отырар ауданының әкімі Қ.Айтахановтың Алғыс хатымен:
- 2005 жылы Отырар ауданының әкімі Қ.Айтахановтың Алғыс хатымен:
- 2006 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Отырар ауданының әкімі Ә.Құртаевтың Алғыс хатымен:
- 2007 жылы аудандық орыс тілі пән мұғалімдерінің пән олимпиадасында теориялық
білімін көрсеткені үшін Алғыс хатпен:
- 2007 жылы Отырар ауданының әкімі Ә.Құртаевтың Алғыс хатымен:
- 2008 жылы «Нұр отан» ХДП-сы Отырар аудандық филиалының төрағасы Ә. Құртаевтың Алғыс хатымен:
- 2010 жылы Облыстық білім басқармасының басшысы Б.Көмекбаеваның обылыстық
Оқушылардың ғылыми қоғамы байқауында оқушысы жетістікке жеткені үшін Мақтау қағазымен:
- 2013 жылы Обылыстық білім басқармасының басшысы А.Елшиеваның Алғыс хатымен:
- 2014 жылы «Үздік мұғалімнің үздік сабағы» байқауына қатысып,обылыстық кітапқа енгені үшін «Мектеп» журналының Сертификатымен:
- 2014 жылы «Үздік мұғалім» төсбелгісімен:
- 2014 жылы «Білім беру үздігі» төсбелгісімен:
- 2014 жылы Обылыстық білім басқармасының басшысы А.Елшиеваның Құмет грамотасымен:
- 2014 жылы «Қазақстанның Білім және ғылым әлемі» журналының директоры Д:О.Сариеваның «Білікті басшы»
номинациясымен марапатталған.
- 2015 жылы « Ы.Алтынсарин » медалімен марапатталды.
- 2015 жылы Аудан әкімі С.Полатовтың Алғыс хатымен марапатталды.
- 2016 жылы «Кәсіподаққа Еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен марапатталды.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтпақшы М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Н.Жубаев-заманауи білім беру жүйесін терең меңгерген, ізденімпаз, жаңалыққа жаны құмар ұстаз, 2014 жылы Кембридж әдіс-тәсілдері бойынша 3 айлық біліктілік арттыру курсын басшылық деңгейде оқып келді. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі,»-деп Ы.Алтынсарин айтқандай, педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі әрдайым бірінші кезекте тұруы тиіс, өйткені мұғалім білікті болмай, оқушы білімді болмайды.
Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс. Алғашқы еңбек күнінен бастап Н.Жубаев алдына биік мақсат,үлкен талаптар қойып,ізденімпаздылық қырымен таныла білген жақсы ұстаз болумен бірге,жақсы басшы бола білген көшбасшылық жұмысты да қатар алып жүрген тұлға.
Отбасылы, жолдасы Айгүл Жүршиева жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі,1 ұл,4 қыз, 5 немере тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана және ата-әже.